
Dr Orazbekuly Yerbolat
Өзбекстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін жаңғырту бағдарламасы (MUNIS) аясында Deep Tech Accelerator және Tech Parks Reload бағыттарының Project Lead-і (бағдарлама Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік банк бірлескен жобасы). Тұран университеті (Қазақстан) Коммерцияландыру орталығының директоры.
Deep Tech саласындағы инновациялық экожүйелер архитекторы (Орталық Азия). Катализ және мұнайхимия бойынша PhD (ЯМР әдісі арқылы заттарды идентификациялау маманы), инженер. Технологиялар трансфері саласындағы халықаралық сарапшы, инвестор. Қазақстан–Қытай халықаралық сауда және брокерлік платформасының (JD) негізін қалаушы. Lean Six Sigma (үнемді өндіріс) және Lean Startup әдістемелерінің тәжірибелік сарапшысы.
KENDALA венчурлық компаниясының негізін қалаушы және CEO-сы (портфельде 12 жоба), стартаптардың тең құрылтайшысы (exit 2021 және 2025 жж.).
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, American Chemical Society (АҚШ) мүшесі, International Council for Harmonisation (Швейцария) ұйымының ЯМР арқылы фармакологиялық заттарды идентификациялау жөніндегі жұмыс тобының қатысушысы, ҚР Ғылым қоры Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бизнес-инкубаторлары мен акселераторлары қауымдастығының (KAUBIA) бірінші вице-президенті және тең құрылтайшысы.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бакалавриат), Satbayev University (магистратура, PhD), Saint Louis University (АҚШ) тағылымдамасы.
Халықаралық рейтингтік журналдарда 8 ғылыми жарияланымның, 20-дан астам ғылыми мақала мен баяндамалардың авторы, 3 патент және 1 авторлық құқық иегері.
Ғылыми және кәсіби қызығушылықтары: AI, AgriTech, MedTech, Industry 4.0, GreenTech, жаңа материалдар, FoodTech.
